Басты бетЖаңалықтарАқтөбе облысы мен Қаскелең қаласының тұрғындары терроризмді насихаттағаны үшін 9 жылға сотталды

Ақтөбе облысы мен Қаскелең қаласының тұрғындары терроризмді насихаттағаны үшін 9 жылға сотталды

Ақтөбе қалалық соты Ақтөбе облысының бір тұрғыны терроризмді насихаттағаны және атыс қаруын заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп танылып, тоғыз жылға бас бостандығынан айырды. Қаскелең қаласының бір тұрғыны да осыған ұқсас айыппыен тоғыз жылға сотталды. Бұл туралы ҰҚК хабарлап отыр.

ҰҚК тергеген қылмыстық іс шеңберінде, ол айналасындағыларды лаңкес жағында шетелдегі соғыс қимылдарына қатысуға шақырғаны, өзі де оларға қосылуды жоспарлағаны анықталған.

Сотталушыны тінткенде одан екі автомат, сегіз тапанша, сегіз мылтық, үш шолақ қару, жасырын тасымалданатын гарнитурасымен алты радиостанция, үш түтін шашкасы, бір жарық гранатасы және 581 патрон табылды, — делінген хабарламада.

ҰҚК материалы бойынша Алматы облыстық соты Каскелең қаласының бір тұрғыны да терроризмді насихаттағаны және террористік әрекеттерді ұйымдастыруға адам тартқаны үшін тоғыз жылға бас бостандығынан айырды.

Фигурант Қазақстанда резонанс зорлық-зомбылық акциясын жасау үшін лаңкестік топ құруды жоспарлаған. Осы мақсатта басқа діндар адамдарға лаңкестік идеологияны қабылдатып, оларды қатарына тартуға әрекеттенген, — делінген ҰҚК таратқан хабарламада.

Жалпы, жыл басынан бері ҰҚК тергеген қылмыстық іс бойынша террористік және экстремистік қылмыс жасағаны үшін әртүрлі мерзімге 34 Қазақстан азаматы және екі шетел азаматы сотталған.

Олар терроризмді насихаттағаны, діни араздық тудырғаны, террористік және экстремистік топтардың әрекетіне тартқаны, сондай топ құрғаны және оларға қатысқаны, тыйым салынған ұйымдардың әрекетіне қатысқаны үшін кінәлі деп танылған.

Тағы 23 адам тергеліп жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да