Басты бетЖаңалықтарТоқаев жаңа Салық кодексін сынады

Тоқаев жаңа Салық кодексін сынады

Президент Шымкентке барған іс-сапарында жаңа салық кодексін сынады. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Жаңа Салық кодексін әзірлеуге тапсырма берген кезде мейлінше түсінікті, тұрақты әрі әділ салық саясатына көшу жөнінде міндет қойдым. Шын мәнінде, біз салық саясатын қатаңдатпаймыз, керісінше ретке келтіреміз. Қазіргі кодекс көп өзгеріске ұшыраған. Заңға тәуелді актілерге және жекелеген жағдайларда басқаша ереже қолданатын ерекшеліктерге толы, — деді мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, кодекс оқып, түсінуге қиын құжатқа айналған.

Соның салдарынан кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлер оны әрқалай қабылдап, уәж айтып жатыр. Қаптаған жеңілдік пен салық режимі кәсіпкерлердің бір бөлігіне артықшылық берсе, енжі бірі оған наразы. Ол да негізсіз емес. Бастапқыда салық жеңілдігі экономиканың белгілі бір салалары мен бизнестің нақты санаттарын қолдау үшін енгізілген еді. Алайда кәсіпкерлер жеңілдікті бас пайдасына жаратып, салықтан жалтарып, бизнесін бөлшектей бастады. Мұндай жағдайға жол бере алмаймыз. Қазақстан жаппай офшор аймағына айналып кетпеуі керек.

Президент мұның бәрі салықты басқару жүйесін күрделендіріп, салық жүктемесі әділетсіз бөлінетін жағдайға әкеп соққаннын айтты.

Қазір парламентте мүлдем жаңа Салық кодексі қаралып жатыр. Бұл құжат бизнестің де, мемлекеттің де мүддесін ескеріп, кәсіпкерлерді салықты дұрыс төлеуге ынталандыруға тиіс. Қосымша салық түсімдері даму бюджетін ұлғайтып, жаңа мектептер, ауруханалар және басқа да әлеуметтік нысандар салуға мүмкіндік береді. Ашық және тұрақты салық жүйесі еліміздің инвестициялық әлеуетін күшейтеді. Осының бәрі азаматтардың әл-ауқатының жақсаруына, тұтас экономиканың өсіміне, яғни, түптеп келгенде, бизнестің дамуына өте тиімді әрі пайдалы болмақ. Әрине, осындай күрделі кезеңде бізге ең алдымен ауызбіршілік керек. Халқымызда «Ырыс ынтымақты елге барады» деген жақсы сөз бар. Ұйыса білген ұлттың ұпайы түгел. Сондықтан жұртты ортақ мақсатқа жұмылдыру өте маңызды, – деді мемлекет басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев іс-сапарлап Шымкенте жүр. Ақорда президент қандай мекмелерді аралап көргенінен хабар таратып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да