Соңғы мәліметтерге қарағанда, Қырғызстаннан Қазақстанға экспортталатын азық-түлік көлемі 27 пайызға өскен.
Бұл «Қазнекст Инвест» компаниясының ұйымдастыруымен Қырғызстанда өткен форумда белгілі болды. Оған елімізден түрлі саладағы 30 кәсіпорынның өкілі қатысты. Форумда таныстырылған тауардың түрі көп болды: машина құрастыру, химия өндірісі, азық-түлік тауарлары, дәрі-дәрмек, құрылыс материалдары.
«Қазақстан экономикасын индустриализациялау бірінші кезекте шетелдік инвесторлардың өндірісін, технологиясын, қаржысын елімізге тартып, жаңа кәсіпорындар құруға және олардан шыққан өнімді өзге елдерге сатуға бағытталған. Сондықтан бүгінгі шара еліміздің индустриалды қауқарын өзгелерге көрсетуге арналған»,- дейді «Kaznex Invest» АҚ атқарушы директоры Аскар Арынов.