Басты бетЖаңалықтарҰлттық банк базалық мөлшерлемені бұрынғы 16,5% күйінде қалдырды

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені бұрынғы 16,5% күйінде қалдырды

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде қалдырды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Шешім инфляцияның қазіргі динамикасы мен қауіп-қатер балансын ескере отырып қабылданды. Бүгінгі шешім АҚШ-тың сауда саясатына байланысты нарықтағы қатты құбылу мен әлемде артқан белгісіздік жағдайында да қабылданды. Сыртқы ортада Қазақстанның негізгі сауда-серіктесі – Ресейдегі инфляциядан және әлемде азық-түлік қымбаттағаннан да инфляцияға әлі қысым түсіп отыр, — деді Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгерту шешімін жылына сегіз рет өзгерте алады. Бұл — үшіншісі. Қаңтарда банк базалық мөлшерлемені оған дейінгі 15,25 % деңгейінде қалдырған. Ал наурызда қазіргі 16,5%-ке көтерді.

Базалық мөлшерлеме дегеніміз – ақша құнын басқару тетігі. Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерге несиені осы базалық ставкамен береді.

Келесі шешім 5 маусымда қабылданады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да