Алматы полициясы «Елге көмек» ұйымының басшысы Ілияс Сариевті алаяқтық жасады деген күдікпен ұстады. Бұл туралы заңгер Нұрсұлтан Орынбек хабарлап отыр.
Бірнеше адамнан алаяқтық әрекеті бойынша арыз түскен еді. Қазір сол бойынша ұсталғаны белгілі болды. Алданғандар болса, Алматы ІІД-не арыздансаңыздар болады, — деп жазды Нұрсұлтан Орынбек.
Ілияс Сариев өзін қазақтың Робин Гуды деп атайды. Ол — «Елге көмек» деген ұйымның жетекшісі. Ұйымның парақшасына 394 мың адам жазылған.
Бұған дейін Biz birgemiz Qazaqstan 2030 қорының басшысы Перизат Қайрат та алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталғанын жаздық.
Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Оның анасы да күдікке ілінген.