Басты бетЖаңалықтарInstagram-ға кейбір қазақша әндер оралды

Instagram-ға кейбір қазақша әндер оралды

Instagram-да бірнеше айдан бері ел әншілерінің әні шықпай қалған еді. Енді олардың кейбірі оралды. Бұл туралы әділет министрлігін сілтеп, Kazinform хабарлап отыр.

Әділет министрлігі бұл жағдайға пікір айтқан.

Instagram әлеуметтік желісінде жекелеген Қазақстан авторлары мен әншілердің туындылары қайта шығып жатыр. Meta платформасының ішкі саясатына және авторлық құқық иелерімен жасалған келісімдерге сәйкес, мерзімді түрде жаңарып отырады. Себебі Мета ұжымдық негізде құқықтарды басқаратын ұйыммен ғана емес, авторлар мен әншілермен немесе олардың өкілдерімен тікелей келісім жасауға құқылы. Осыған байланысты бұл Meta компаниясымен тікелей келісімге отырған авторлық құқық иелерінің жұмысы деп есептейміз, — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы қараша айының соңында Қазақ авторлар қауымдастығы мен Meta арасындағы келісімшарт бұзылған. Осы себепке байланысты Instagram-да қазақша әндер жоғалып кеткен еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да