Нью-Йоркте туристерге қаланың көрікті жерлерін аралатып жүрген тікұшақ Гудзон өзеніне құлап, бір отбасы мен ұшқыш қаза болды. Бұл туралы Nytimes.com хабарлап отыр.
Қаза болғандар — Siemens компаниясының Испаниядағы филиалы президенті Агустин Эскобар мен оның әйелі, үш баласы. Тікұшақ 15 минутта қаланың көрікті жерлерін Орталық саябақты, Бостандық мүсінін төбеден көруге ұсынатан жергілікті New York Helicopter туристік компаниясына тиесілі.
Құтқарушы бригадалар Нью-Жерси штатының Жерси-Сити қаласы маңында апатқа ұшыраған тікұшақтың бөліктерін көтеріп алып жатыр.
Жерси-ситидің төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы апатқа қатысты тергеу амалдарын бастаған.