«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. Бүгін бірден жеті қалада ауа ластанады.
2025 жылғы 11 сәуірде Қарағанды, Өскемен, Алматы қалаларының ауасы ластанып, метеорологиялық жағдай қолайсыз болады, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосферадағы ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.