Басты бетPushШерзат Болатты кім өлтірген? Мемлекеттік айыптаушы оқиғаны баяндап берді

Шерзат Болатты кім өлтірген? Мемлекеттік айыптаушы оқиғаны баяндап берді

Бүгін, 10 сәуірде Талдықорғанда Шерзат Болаттың қазасына қатысты іс алдын ала тыңдалды. Сотта мемлекеттік айыптаушы Шерзат Болат қалай өлгенін баяндап берді.
Сот алдында тоғыз күдікті жауап бергелі отыр. Олар:
  1. адам өлтірді (Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігі) және бұзақылық жасады (Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 2-бөлігі) деп айыпталып жатқан Абзал Шынасыл;
  2. бұзақылық жасады (ҚК-нің 293-бабы, 2-бөлігі) және адам өлтірді (ҚК-нің 99-бабы, 2-бөлігі), қылмысқа дайындалды және қылмысқа оқталды (ҚК-нің 24-бабы, 3-бөлігі) деп айыпталып жатқан Равиль Сақиев;
  3. бұзақылық жасады (ҚК-нің 293-бабы, 2-бөлігі) деп айыпталып жатқан Шыңғыс Белғожаев;
  4. бұзақылық жасады (ҚК-нің 293-бабы, 2-бөлігі) деп айыпталып жатқан Дархан Әскентай;
  5. бұзақылық жасады (ҚК-нің 293-бабы, 2-бөлігі) деп айыпталып жатқан Нұрқияс Ілиясов;
  6. бұзақылық жасады (ҚК-нің 293-бабы, 2-бөлігі) деп айыпталып жатқан Нұрбол Тоқтаубаев;
  7. бұзақылық жасады (ҚК-нің 293-бабы, 2-бөлігі) деп айыпталып жатқан Азамат Тоқтаубаев;
  8. бұзақылық жасады (ҚК-нің 293-бабы, 2-бөлігі) деп айыпталып жатқан Дидар Қалиахмет;
  9. қылмысты хабарламады (ҚК-нің 434-бабы) деп айыпталып жатқан кәмелет жасқа толмаған Думан Ысқақ. 

Женжал «Қамажай» дүкені алдында басталған. Күдікті Дархан Әскентай сыра мен темекі алып кеткен. Біраздан соң, дүкенге қайта барған. Телефонын қуаттағышқа қойғызып, өзі дүкен алдында, сыра ішіп отырған. Марқұм Шерзат Болат күдікті Дархан әкесін балағаттады деп, оның оң көзінен екі рет ұрып жіберген. Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов Дарханнан кешірім сұрап, оның көзін жуып берген. Алайда Дархан достарын, олар өз достарын шақырып, төбелес басталып кеткен.

Абзал Шынасылов Шерзат Болаттың анасы мен әжесінің көзінше аса қатыгездікпен Шерзаттың жүрек тұсына қасақана ас пышағын бір рет сұғып алған, — деді мемлекеттік айыптаушы.

Содан кейін Абзал Шынасылов пен Равиль Сақиев Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың жамбас тұсына үш рет пышақ сұғып алған. Ғайыпбаев есінен танып, құлап қалған.

Қаржаубай Нұрымов көлігіне інісі мен ұлын салып, Талғар аудандық орталық ауруханасына барған. Ауруханада Шерзат Болат қайтыс болды, Нұрқанат Ғайыпбаев аман қалғанымен, бірнеше айдан соң оның денесі табылды.

Сот аптасына екі рет (бейсенбі, жұма күндері) Талдықорғанда ашық өтетін болды.

Естеріңізге сала кетейік, Талғарда 2024 жылғы 4 қазанға қараған түні 16 жастағы Шерзат Болатты бір топ адам әке-шешесінің көзінше пышақтап кеткен. Жасөспірім ауруханада қаза болды.

Бұған дейін Шерзат Болаттың отбасы тұрған үйді белгісіз біреулер өртеп кеткенін жазған едік.

Психолог Гүлзат Қанат жасөспрімді ұрып өлтірген адамдардың паталогиялық агрессиясы бар екенін айтқан еді.

9 желтоқсанда Талғар маңында Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың денесі табылды. Ер адам өзіне қол салған делінеді. Бұл жағдай бойынша полиция қылмыстық іс қозғаған. 

2024 жылғы 11 желтоқсанда Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ аудандық соты марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты қоғамдық тәртіпті бұзды деп, 15 тәулікке қамап тастаған еді.

Шерзат Болаттың әпкесі Перизат Нұрымова үйлі болғанын да жазған едік.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да