Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурс орталығы мен Асқар Шайхиев атындағы БЖСМ бірлесе отырып, Сырым ауданы прокуратурасының прокуроры Темірбай Қайырбек Асылбекұлы, Сырым ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, Полиция майоры Хасанов Азамат Кайырболатұлының қатысуымен “Заң бар жерде тәртіп бар” деген кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуде Асқар Шайхиев атындағы БЖСМ тәрбиеленушілеріне жеке құқығы мен міндеті туралы, түнгі рейд, қоғамдағы тәртіпті сақтауда қолданылатын әдіс кеңінен түсіндіріліп, заңбұзушылықтың алдын алу шарасы талқыланды.
Құқық бұзылса, оның салдары мен жазасы туралы, мопед жүргізудің жаңа ережесі және қауіпсіздік ережесі жөнінде маңызды ақпарат беріледі.
Кездесу соңында оқушылар құқық қорғау органдары қызметкерлеріне сұрақ қойып, жауап таба алды.