Талдықорғанда Шерзат Болаттың қазасына қатысты іс алдын ала тыңдалып жатыр. Енді сот соңына дейін онлайн көрсетілетін болды. Бұл туралы Жоғары соттың баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Бүгін, 10 сәуірде сағат 12:00-де Шерзат Болаттың өліміне қатысты істі алдын ала тыңдау басталды. Сотты Жоғары соттың Youtube каналынан онлайн көруге болады.
Естеріңізге сала кетейік, Талғарда 2024 жылғы 4 қазанға қараған түні 16 жастағы Шерзат Болатты бір топ адам әке-шешесінің көзінше пышақтап кеткен. Жасөспірім ауруханада қаза болды.
Бұған дейін Шерзат Болаттың отбасы тұрған үйді белгісіз біреулер өртеп кеткенін жазған едік.
Психолог Гүлзат Қанат жасөспрімді ұрып өлтірген адамдардың паталогиялық агрессиясы бар екенін айтқан еді.
9 желтоқсанда Талғар маңында Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың денесі табылды. Ер адам өзіне қол салған делінеді. Бұл жағдай бойынша полиция қылмыстық іс қозғаған.
2024 жылғы 11 желтоқсанда Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ аудандық соты марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты қоғамдық тәртіпті бұзды деп, 15 тәулікке қамап тастаған еді.
Шерзат Болаттың әпкесі Перизат Нұрымова үйлі болғанын да жазған едік.