Басты бетЖаңалықтарТалдықорғанда Шерзат Болаттың қазасына қатысты іс алдын ала тыңдалып жатыр

Талдықорғанда Шерзат Болаттың қазасына қатысты іс алдын ала тыңдалып жатыр

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты былтыр Талғарда кісі қолынан қаза болған Шерзат Болаттың ісін тыңдап жатыр. Қылмыс Талғарда болғанымен, сот Талдықорғанда өтіп жатыр. Мұның себебін Жоғары сот күдіктілердің көбі Талдықорғандағы уақытша қамау изоляторында отыр деп түсіндірді.

Алматы облысы полиция департаменті мәліметіне қарағанда, тергеу кезінде 40 сот сараптамасы жүргізіліп, шамамен 200 куәгерден жауап алынған. Барлық 11 күдіктінің оқиға орнында айтқан жауабы тексерілген. Қылмысқа қатысқандардың бәріне құқықтық баға бере отырып, сегіз бейнематериал зерттелген. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады.

Бас прокуратура Шерзат Болаттың үйі өртенгенде үйдің қасында қандай көліктер тұрғанын көру үшін спутниктен түсірілген суреттерді зерттемекші.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Екіден астам сараптама жүргізілді. Сараптамалардың нәтижесі бар. Әзірше не үшін үзілгенін айтайын. Ресей Федерациясына халықаралық тергеу комиссиясын жібергендіктен, сол уақыт ішінде жақын маңда қандай көліктер тұрғанын спутник арқылы көрмекпіз. Бұл тергеу толық болуы үшін керек, – деді бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев сенат кулуарында.

Ол спутниктен түсірілген суреттерді күтетіндіктен, тергеу ұзаққа созылатынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде 4 қазанға қараған түні 16 жастағы Шерзат Болатты бір топ адам әке-шешесінің көзінше пышақтап кеткен. Жасөспірім ауруханада қаза болды.

Бұған дейін Шерзат Болаттың отбасы тұрған үйді белгісіз біреулер өртеп кеткенін жазған едік.

Психолог Гүлзат Қанат жасөспрімді ұрып өлтірген адамдардың паталогиялық агрессиясы бар екенін айтқан еді.

9 желтоқсанда Талғар маңында Шерзат Болаттың ағасы өлі табылды. Ер адам өз-өзіне қол салған. Аталған жағдай бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. 

11 желтоқсанда Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық соты марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 15 тәулікке қамады.

Шерзат Болаттың әпкесі Перизат Нұрымова үйлі болғанын жазған едік.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да