Басты бетЖаңалықтарАқтөбе ферроқорытпа зауыты автопаркін жаңартып жатыр

Ақтөбе ферроқорытпа зауыты автопаркін жаңартып жатыр

ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауыты өнімділікті, жайлылық пен қауіпсіздікті үйлестіретін заманауи техникаға инвестиция құйып жатыр. Бүгінде зауыттың автопаркі жоғары технологиялық экскаваторлармен және тиегіштермен толықты. «Қазхром» жаңа жабдыққа 360  миллионнан аса теңге жұмсаған.

Жыл басынан бері кәсіпорын бұрын-соңды болмаған маневрлік көрсеткіші бар екі жаңа жеті тонналық тиегішті іске қосты. Бұл төртінші балқыту цехындағы логистикалық операцияларды айтарлықтай оңтайландырады. Алдыңғы модельдермен салыстырғанда жаңа техниканың жүк көтергіштігі жоғары және тиеу-түсіру жұмыстарының тиімділігін едәуір арттырады.

экскаватор, техника
Фото: Қазхром

Зауытта иелігінде корей өндірісінің гидравликалық балғалары бар жоғары технологиялық экскаваторлар да іске қосылды. Машиналар жылыту, салқындату жүйесімен және эргономикалық жұмыс орындарымен, машинистердің жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыратын басқа да қондырғылармен жабдықталған. Бастысы, қауіпсіздікке ерекше мән беріледі: экскаватор мен тиегіш қызметкерлерге қауіп-қатерді азайтатын ROPS (аударылып кетуден қорғау жүйесі) және FOPS (құлаған объектілерден қорғау жүйесі) қорғаныс жүйелерімен жабдықталған.

Гидравликалық балғалары бар кореялық экскаваторларға көшу — зауыттың автопаркін жаңартудағы маңызды қадам. Бұл машиналар өнімділікті арттырып қана қоймай, қызметкерлеріміздің жұмысына қолайлы жағдай жасайды. Мұндай өзгеріс бүкіл өндірістік циклдің қауіпсіздігі мен сапасына тікелей әсер етеді, – деді Ақтөбе ферроқорытпа зауытының директоры Ержан Абдулабеков.

экскаватор, техника
Фото: Қазхром

2025 жылғы үшінші тоқсанда шынжыр табанды үлгідегі гидравликалық балғалары бар тағы екі экскаватор сатып алу жоспарланған. Автопаркті осындай жүйелі жаңғырту — «Қазхромның» жалпы өнімділікті арттыру, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәсіпорын қызметкерлеріне оңтайлы жұмыс жағдайын жасау қамындағы ұзақмерзімді стратегиясының бір тармағы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да