«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. Бүгін бірден жеті қалада ауа ластанады.
2025 жылғы 10 сәуірде Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Алматы қалаларында ауа ластанып, метеорологиялық жағдай қолайсыз болады, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосферадағы ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.