Атырау облысында 10 сәуірге қараған түні жер сілкінді. Бұл туралы Қазақ ұлттық деректер орталығы хабарлап отыр.
Құлсары қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 120 шақырым жерде 10 сәуірге қараған түні сағат 1:40-та жер сілкінді. Магнитудасы — 4,3, — делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 28 наурыз күні күндіз Жамбыл облысында жер сілкінді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 323 шақырым жерде.