Басты бетЖаңалықтарМьянмада тағы жер сілкінді

Мьянмада тағы жер сілкінді

Мьянмадағы Мандалай қаласынан солтүстікке қарай 60 шақырым жерде магнитудасы 5,2 дәрежелі жер сілкінісі болды.

Бұл туралы Таиландтың метеорологиялық департаменті хабарлап отыр.

Жер сілкінісі жергілікті уақытпен сағат 14:58-де тіркелген, ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан.

Айта кетейік, 28 наурызда Мьянмада магнитудасы 7,7 болатын күшті жер сілкінді. Жер асты дүмпулері көршілес бес елде де сезілді. Кейінгі мәліметтер бойынша, қаза болғандар саны 3 600 адам, жараланғандар саны 5 000-нан асты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да