11 сәуір сағат 9:00-ден 14 сәуір сағат 6:00-ге дейін Алматының Пушкин көшесінен Достық даңғылына дейінгі аралықта Құрманғазы көшесі жабылады.
Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, көшенің бұл бөлігінде асфальт жабыны шөгуінің салдарын жою үшін уақытша шектеулер енгізіледі. Жұмыстарды мердігер ұйым кепілдік міндеттемелері аясында жүргізеді.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз, — делінген хабарламада.