Басты бетЖаңалықтарАлматыда мотоцикл қағып кеткен әйелдің жағдайы ауыр

Алматыда мотоцикл қағып кеткен әйелдің жағдайы ауыр

Алматылық дәрігерлер мотоцикл қағып кеткен жұмысшы әйелдің жағдайы туралы айтты. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасы хабарлап отыр.

Пациент №7 қалалық клиникалық ауруханаға көптеген жарақатпен ауыр халде түсті. Қазір реанимация бөлімшесінде барлық қажет медициналық көмекті алып жатыр. Жағдайы өте ауыр, — делінген хабарламада.

Еске салайық, мотоцикл жүргізушісі Рысқұлов даңғылымен батыс бағытта келе жатып, алдымен жеңіл көлікке соқтығысқан. Кейін қозғалысы тоқтамаған күйде жол жұмыстарын жүргізіп жатқан үш жұмысшыны (екі ер, бір әйел адам) қағып кеткен.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да