Басты бетЖаңалықтарҚосымша құн салығынан босатылатын салалар анықталды

Қосымша құн салығынан босатылатын салалар анықталды

Премьер-министрдің орынбасары — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосымша құн салығынан босатылатын салаларды атады.

Мәжілістегі талқылаудың нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, кітап басып шығару, археология сияқты салаларды қосылған құн салығынан босатуға шешім қабылданды.

Денсаулық сақтау саласында үкімет қосымша құн салығынан босатылған дәрі-дәрмектердің әлеуметтік тізімін айқындайды. Қосылған құн салығы тек ақылы медициналық қызметтерге салынады. Оның мөлшерлемесі 10% болады, — деді Серік Жұманғарин мәжәлістің бүгінгі отырысында.

Бұдан бөлек, әлеуметтік саладағы корпоративтік табыс салығы – 2026 жылдан бастап 5%, 2027 жылдан бастап 10% болады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да