Астанадағы жатақханалардың бірінен өрт шықты. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлап отыр.
Өрт таңертең Сарыарқа ауданы Бұланты көшесі бойындағы мансард үлгідегі жатақхананың алты қабатты ғимаратында шыққан.
Алғашқы бөлімшелер келген кезде өрт мансард түріндегі 6-қабатта болып жатқаны анықталды. Құтқарушылар оқиға орнына жеткен сәтте қабат толығымен отқа оранған.
Құтқарушылар жедел әрекет етіп, 50 адам, оның ішінде жеті бала эвакуацияланды. 490 адам өздігінен қауіпсіз жерге шықты. Өрт 1 600 шаршы метр алаңда толығымен сөндірілді.
Өрт орнында өрт зерттеу сынақ зертханасының және ТЖД анықтау бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.