Алматылық құтқарушылар қала тұрғындары мен қонақтарын алдағы күндері тауға шықпауға шақырды. Бұл туралы қалалық ТЖД хабарлап отыр.
Жылымықтың әсерінен қар жамылғысы тұрақсыз. Осыған байланысты 9-11 сәуір аралығында тауларда қар көшкіні қаупі сақталады. Осыған орай, қала тұрғындары мен қонақтарына таулар мен қарлы тік жартастарға шықпауға кеңес береміз. Тауда абай болыңыздар, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Алматыда дауыл салдарынан 28 ағаш құлап, үш шатыр ұшқанын жазған болатынбыз.