Басты бетЖаңалықтарҚазгидромет: Еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді

Қазгидромет: Еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді

Қазақстанның бірнеше облысында жауын-шашын, тұман, желге байланысты дауылды ескерту жасалды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлап отыр.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстігін, таулы аудандарын тұман басады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с дейін жетеді.

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Қарағанды қаласында күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман басады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) құяды. Облыстың оңтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

Астана қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Жезқазған қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Көкшетау қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с дейін барады.

Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Орал қаласында түнде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 18 м/с дейін барады.

Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, дауыл көтеріледі. Жел шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл тұрады.

Түнде Абай облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с дейін жетеді. Семей қаласында түнде найзағай ойнайды.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде және таңертең облыстың батысында жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін баруы мүмкін. Атырау қаласында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с дейін жетеді.

Түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүтігінде, шығысында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысын, солтүстігін, оңтүстігін тұман басады. Петропавл қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да