Басты бетЖаңалықтарYandex Qazaqstan мен Kundelik алғашқы білім беру браузерін іске қосты

Yandex Qazaqstan мен Kundelik алғашқы білім беру браузерін іске қосты

Yandex Qazaqstan мен Kundelik оқушыларға, ата-аналарға және мұғалімдерге арналған алғашқы білім беру браузерін іске қосты.

Нейрожелілердің арқасында браузер оқушыларға ақпарат табуға ғана емес, сонымен қатар оқуды жеңіл әрі қызықты етуге көмектеседі. Браузердің бастау бетінен бірден нейроқұралдарды — НейроІздеуді, математика бойынша ЖИ-көмекшіні және аудармашыны пайдалануға болады. Браузерді Kundelik сайты арқылы тегін жүктеуге болады. Сонымен қатар портал бетінде Яндекс Іздеудің көмегімен интернеттен ақпаратты бірден табуға мүмкіндік пайда болды.

НейроІздеудің көмегімен оқушылар әртүрлі пәндер бойынша сұрақтардың жауабын жылдам таба алады — мысалы, ақын Абай қашан және қайда туған, немесе тұрақты электр тогы айнымалы токтан несімен ерекшеленеді. Пайдаланушы интернеттегі барлық қолжетімді білімге негізделген нақты әрі қысқа жауапты лезде алады және ақпарат алынған сайттарды көреді. Бұл деректердің шынайылығын тексеріп, тақырыпты тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді. НейроІздеу тек оқушыларға арналған браузерде ғана емес, Kundelik порталының басты бетіндегі іздеу жолағында да қолжетімді.

Яндекс Кітаптарда нақты ғылымдар бойынша басылымдар бөлімі мен мектеп бағдарламасындағы әдеби шығармалар топтамасы пайда болды. Енді қазақстандық оқушылар сервис арқылы Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқи алады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да