Басты бетЖаңалықтарАлматыдағы ботаникалық бақ уақытша жабылады

Алматыдағы ботаникалық бақ уақытша жабылады

Алматыдағы ботаникалық бақ дауылға байланысты жабылады. Бұл туралы бақтың баспасөз қызметі хабарлап отыр. 

Құрметті саябақ қонақтары! Қалада кеше болған дауылға байланысты ботаникалық бақ келушілер үшін 10 сәуірге дейін жабық, – делінген хабарламада.

Саябақ әкімшілігінің мәліметінше, 7 сәуір күнгі дауыл кезінде бақтағы ағаштар құлап, бұтақтар сынған. Сол себепті ботаникалық бақтың айналасында жүру қиынға соққан. Сонымен бірге әкімшілік басқа да ағаштардың жай күйін тексеріп, олар келушілер үшін қауіп төндірмес үшін арнайы шаралар қабылдайды.

Қауіпті ағаштар құлап, қауіп тудырмас үшін қоғамдық аумақты тазарту, сонымен қатар ағаштардың жағдайын тексеру қажет. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, – делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да