Басты бетЖаңалықтарАлматыда дауыл салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр

Алматыда дауыл салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр

Алматыда дауыл салдарын жоюға 376 техника жұмылдырылды. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

7 сәуір күні сағат 19:30-дан бастап Алматыда қатты жел соғып, найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауа бастады. Жаңбыр түнгі уақытқа дейін жалғасты.

ТЖД мәліметінше, дауыл салдарынан қалада 28 ағаш құлады. Үш жағдайда ағаш тұрғын үйлерге зақым келтірген. Сонымен қатар үш тұрғын үйдің шатыры ұшып, бір құрылыс қоршауы құлаған.

Түнгі уақытта 376 техника жұмылдырылды, оның ішінде «Алматы Тазалық» мекемесінің 255 техникасы, жеке мердігер ұйымдардың 121 техникасы. Сонымен қатар 395 қызметкер жұмысқа шықты. Оқиға орындарында аудан әкімдіктері мен ТЖД кезекші бригадалары жұмыс істеп жатыр, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да