Басты бетЖаңалықтарҚазақстанға туристер көбіне қай елдерден келеді?

Қазақстанға туристер көбіне қай елдерден келеді?

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Қазақстанға көбіне қай елдердің туристері саяхаттап келетінін айтты.

Үкіметте өткен брифиңде журналистер Ержан Еркінбаевтан ТОП-3 елдің атын сұрады.

Әрине, ең алдымен бұл шекаралас елдер. Бұл Қазақстанда ғана емес, бүкіл жерде солай. Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстаннан көп келеді. Визасыз режимнің арқасында Қытайдан келетін туристер жыл сайын көбейіп жатыр. Үндістаннан да жақсы келеді. Германиядан да туристер ағыны жаман емес, Әзербайжан мен Германиядан келетін туристер саны бірдей, жылына 100 мыңға жуық турист қабылдаймыз. Сосын мақсатты нарықтардан, мысалы Еуропа елдері,  АҚШ-тан жақсы келеді, — деп жауап берді вице-министр.

Оның айтуынша, үкімет қабылдаған шаралардың арқасында, дәлірек айтқанда 83 ел үшін визасыз режим, 13 әуежайдағы бесінші дәрежелі әуе еркіндігі, жыл сайын ашылатын жаңа рейстер елімізге қыдырып келетін шетелдік қонақтардың санын ұлғайтып отыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да