Басты бетЖаңалықтарЖей Ло Қазақстанға келеді: концерт ел экономикасына қалай әсер етеді?

Жей Ло Қазақстанға келеді: концерт ел экономикасына қалай әсер етеді?

Биыл 1 тамызда Астанада әлемге әйгілі әнші Женнифер Лопездің концерті өтеді. «Астана концерт» компаниясының продюсері Мәлік Хасенов үкімет отырысында осы іс-шараның Қазақстанға пайдасы туралы айтып берді.

Сіздерге Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия үшін тарихи оқиға болатын бірегей жобаны таныстырып отырғаныма қуаныштымын. 1 тамызда «Астана арена» стадионында бүкіл әлемге танымал әнші Дженифер Лопестің концерті өтеді. Концерт толығымен коммерциялық негізде ұйымдастырылады, — деді ол.

Осы орайда Хасенов Женнифер Лопездің концерті ел экономикасына қалай әсер ететініне тоқталды.

Дженифер Лопес
Фото: instagram.com/onthejl

Сырттан 15 мыңнан астам турист келеді деп күтіп отырмыз. Қаланың экономикасына, HoReCa жүйесіне (яғни қонақ үй, тамақтану орындары және тағы басқа) 6,5 миллиард теңге және концертті өткізуден бюджетке 400 миллион теңге тікелей салық түсімдері түседі, — деді ол.

Премьер-министр Олжас Бектенов әлемдік деңгейдегі жұлдызды Қазақстанға тартқан «Астана концерт» компаниясын мақтады.

Біз сізбен бірнеше рет кездесіп, әлемдік жұлдыздарды тарту жоспарыңызды талқылаған едік. Осы жұмыс қолдарыңыздан келгеніне қуаныштымын. Бұл ұзақ жол болғанын білемін. Өйткені осындай концертті ұйымдастыратындар өте жоғары талаптар қояды. Сол себепті бұл жақсы. Қазақстанды осы тектес концерттер үнемі өтетін орынға айналдыру үшін осы жұмысты жалғастыру қажет. Үкімет тарапынан қажет қолдауды көрсетеміз, — деді Олжас Бектенов.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да