Ақтөбе облысында аса ірі көлемде есірткі партиясын сақтаған 19 және 27 жастағы екі күдікті ұсталды. Бұл туралы облыстық ПД хабарлап отыр.
Ақтөбе облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлеріне жалдамалы пәтерлердің бірінде екі ақтөбеліктің синтетикалық есірткінің аса ірі партиясын сақтайтыны туралы жедел ақпарат түсті.
Жедел ақпаратты тексеру кезінде 19 және 27 жастағы екі күдікті ұсталды. Жалдамалы пәтерде тінту кезінде полицейлер ұнтақ зат салынған 50 орама тәркіледі. Есірткі заттарымен заңсыз жұмыс істеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Осы баптың санкциясы жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, — делінген облыстық ПД хабарламасында.