Рудныйда екі жасөспірім түзету орталығынан қашып кетті. Бұл туралы Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Полиция қала тұрғындарынан екі жасөспірімді іздеуге көмектесуді сұрайды.
7 сәуірде Рудный қаласының полициясына «Ерекше білім беру қажеттіктері бар отбасын қолдау орталығында» екі тәрбиеленушінің жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. 15 және 17 жастағы жасөспірімдер мекемеден қашып кетті.
Қазіргі уақытта оларды іздестіруге 20 техника, 53 полиция қызметкері, 15 ерікті, сонымен қатар Рудный қаласының тұрғындары жұмылдырылған. Күні бойы қаланың көшелері мен саяжайлары тексерілді. Қазір Қостанай ауданының жақын ауылдарында іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, өйткені жасөспірімдерді кейінгі рет Сергеевка және Константиновка ауылдарында көрген, — делінген хабарламада.