«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
2025 жылғы 8 сәуірде Ақтөбе қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар мен ауаның ластануы күтіледі, — делінген хабарламада.
Мәселен, 8 сәуірдегі жағдай бойынша ешбір қалада ауа сапасы төмендемейтіні анықталды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.