Басты бетЖаңалықтарТоқаев Сербия президентін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Тоқаев Сербия президентін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Мемлекет басшысы Сербия президенті Александр Вучичпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалап, қазақ-серб қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

Тараптар Қазақстан президентінің 2024 жылғы қараша айында Белградқа ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысын талқылады.

Мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды жандандырудың, соның ішінде өнеркәсіп, энергетика, құрылыс, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, көлік және логистика салаларындағы бірлескен бастамаларды нақты іске асырудың маңызын атап өтті, — деп жазылған хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.