Басты бетЖаңалықтарШымкентте салмағы 7 келіге жуық сәби дүниеге келді

Шымкентте салмағы 7 келіге жуық сәби дүниеге келді

Шымкентте 41 жастағы ана 7 келіге жуық сәбиді дүниеге алып келді. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Шымкент қалалық №2 аурухананың перзентханасында 41 жастағы ана табиғи жолмен, ешқандай асқынусыз 6 700 грамм салмақтағы сәбиді өмірге әкелді. Бұл – елімізде сирек кездесетін жағдай. Ұл бала отбасындағы алтыншы перзент атанып отыр. Көпбалалы ана бұған дейін төрт ұл, бір қыз босанған.

Қазір ананың да, баланың да жағдайы жақсы. Ең таңғаларлығы – алып баланы анасы өзі босанып, ота да, күрделі араласу да қажет болмады, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкентте жыл басынан бері 6 719 сәби дүниеге келген. Оның ішінде 3 271 қыз бала, 3 448 ұл бала бар.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да