Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда алаяқтық жасаған күдікті Қырғызстаннан экстрадицияланды

Қазақстанда алаяқтық жасаған күдікті Қырғызстаннан экстрадицияланды

Қазақстанда аса ірі көлемде алаяқтық жасаған күдікті Қырғыз Республикасынан экстрадицияланды. Бұл туралы бас прокуратура хабарлап отыр.

Бас прокуратураның мәліметінше, аталған тұлға 2023 жылғы маусымда адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша Алматыдағы банктердің біріне клиенттердің атынан олардың банктік шоттарына тіркелген абоненттік нөмірлерін өзгерту туралы хабарламалар жіберіп, осылайша банк шоттарына қол жеткізген.

Осыдан кейін күдікті қашықтан қол жеткізу арқылы бес жәбірленушінің шотынан «дропперлердің» банктік шоттарына ақша аударып, олардың қаражатын иемденген.

Оның қылмыстық әрекеттерінің салдарынан жәбірленушілерге 230 миллион теңгеден астам шығын келтірілген. Осы жылғы қаңтарда ол Бішкек әуежайында ұсталып, Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да