Басты бетЖаңалықтарЖұмыс уақытында...

Жұмыс уақытында мемлекеттік қызметкерлер мешітке бара ала ма?

Министр Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, тұжырымдаманың басты басымдығы — діни мәселелерді заңды тұрғыдан реттеп, мемлекеттік органдар мен діни ұйымдардың байланысын оңтайландырады. Бұл құжат экстремистік радикалды топтармен кешенді күресуге мүмкіндік береді.

Министр «мемлекеттік қызметкерлер жұмыс уақытында мешітке бара ала ма?» деген сұраққа «нақты шешім шыққан жоқ» деп жауап қатты. Ол қара оранып, қысқа балақ кигендерге қатысты да түсініктеме берді.

«Әдейілеп тұрып діни сипаттағы киім киіп жүрген, өздерін қоғамнан оқшаулауға тырысып жүргендер, олармен алдымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Өйткені олар бізге, қазақ халқына, жат киімдер киіп, өздерін қазақ халқының өкілдері емес, басқа халықтың өкілі ретінде көрінеді. Жан-жағынан зерттеп, сарапшылармен ақылдасап, Үкімет салиқалы бір шешімге келеді», -деді министр Нұрлан Ермекбаев.

Ал Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев діни тұжырымдама қоғамдық сананың дамуына оң әсер ететінін жеткізді. Сондай-ақ, «діни тақырыптағы тәрбиелік ағарту жұмыстарын дұрыс жүргізіп, әрбір жүрекке жол табамыз» деді ол.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі: Древняя мудрость гласит, ищите Бога в своем собственном сердце, вы не найдете его больше нигде. Поэтому наша с вами задача — дойти до сердца каждого.

ДереккөзAstanatv.kz