Алматыда күзетшіні соққыға жыққан күдікті ұсталды. Алматы қаласының полиция департаменті күдікті ұсталғанын хабарлап отыр.
Полиция мәліметінше, бұл дерек бойынша іс қозғады.
Алматы тұрғын үйлерінің бірінде көлік жүргізушісі күзетшіні ұрып-соқты. Оның іс-әрекеті бейнежазбаға түсіп қалған.
Бостандық аудандық полиция басқармасы ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті полицияға жеткізілді. Істің жан-жақтылығы және объективтілігі қағидаттарын қамтамасыз етуге бағытталған тергеу шараларының кешені жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.