Басты бетЖаңалықтарСу тасқыны: Ақмола облысында мыңнан астам қап төселді

Су тасқыны: Ақмола облысында мыңнан астам қап төселді

Құтқару жұмыстарына жеке құрамның 70-ке жуық адамы, 20 ТЖМ техникасы, ЖАО және еріктілер жұмылдырылды.

Бұл туралы Ақмола облысы ТЖД хабарлап отыр.

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Ақмола облысының Астрахан ауданында Қалқұтан өзенінің тасуына байланысты көлік қатынасы үзілген Старый Колутон ауылында жедел жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өткен тәулікте 21 адам, оның ішінде 1 жүкті әйел моторлы қайықтардың көмегімен тасымалданды. Су тасқынына қарсы жұмыстардың барысын ТЖ вице-министрі Рамиль Камалов тексерді.

Жағалау сызығын нығайту және одан әрі су басуға жол бермеу үшін инертті материалдары бар 1 000-нан астам қап төселді, 300 текше метр су сорылды. 21 сиыр мен 100-ге жуық қошқар қауіпсіз жерге айдалды. Құтқару жұмыстарына жеке құрамның 70-ке жуық адамы, 20 ТЖМ техникасы, ЖАО және еріктілер жұмылдырылды. Жағдай ТЖМ бақылауында. Құтқару және нығайту іс-шаралары тәулік бойы жалғасып жатыр, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да