2025 жылғы 14 мамырдан бастап Қазақстан сұйытылған мұнай газын, пропан мен бутанды экспорттауға уақытша тыйым енгізеді.
Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында жарияланған энергетика министрінің бұйрық жобасының түсіндірмесінде айтылған.
Шектеу алты айға созылады және автомобиль мен теміржол көлігі арқылы тасымалдауға қатысты.
Қазақстан Республикасы аумағынан сұйытылған мұнай газын (Код ТН ВЭД ЕАЭС 2711 12 970 0), пропанды (2711 12 940 0) және бутанды (2711 13 970 0) автомобиль және теміржол көлігімен сыртқа шығаруға алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін, – делінген министрлік жобасында.