Ақмола облысының Макинск қаласында су тасып, ТЖМ құтқарушылары суды сору жұмысын жүргізіп жатыр.
Авариялық-құтқару үшін құрамында 130 адамнан тұратын төрт топ, 13 техника, 12 мотопомпа және Ақмола облысы мен Астана қаласы ТЖ департаменттерінен жылжымалы сорғы станциясы тартылды, — делінген ТЖМ таратқан хабарламада.
Құтқарушылар су басқан аумақтардан суды соруға кірісті. Жұмыс тәулік бойы жүреді.