Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайрат миллиард теңгеден астам қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, жеке мақсатына жұмсағанын мәлімдеп отыр.
Перизат Қайрат Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қорына түскен қаражатты өзінің және анасы Г. Алашбаеваның есепшоттарына аударып, кейін оларды зергерлік бұйымдарға, киім-кешекке, жиһазға, саяхаттарға, жөндеу қызметтеріне, автокөлік жалдау және басқа да шығындарға жұмсаған.
Қылмыстық табысты жымқыру мақсатында ол 16 серіктес жеке кәсіпкерлермен металдан жасалған киіз үйлер, қайықтар, етіктер және басқа да заттарды жеткізу жөнінде жалған келісімдер жасасқан. Алайда бұл келісімдер іс жүзінде орындалмаған.
Нәтижесінде миллиард теңгеден астам қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, жеке мақсаттарына жұмсалған.Осы соманың 72 миллион теңгесі оның анасы Г.Алашбаеваның есепшотына «Солтүстік Қазақстан облысындағы зардап шеккен тұрғындарға тұрмыстық техника сатып алу» деген сылтаумен аударылып, кейін ол П.Қайрат арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылды, — деп жазылған хабарламада.
Ақшаның бір бөлігіне сомасы 6,9 миллион теңге құраған Rolex сағатын сатып алуға жұмсалған. Палестинаға көмек көрсету үшін жиналған қаражаттың бір бөлігі 2024 жылғы қаңтарда П.Қайрат Rebel flowers ЖШС-ін сатып алуға жұмсалған. Оның құны 23 миллион теңге болса да, ол келісім-шартта күдік туғызбау үшін 2 миллион теңгеге төмендетілген соманы көрсеткен. Гүл бизнесінен түскен табысы 69 миллион теңге болды. Сонымен қатар ұрланған қаражатқа төрт автокөлік, төрт пәтер, екі автотұрақ орнын, үй, жер телімін және ғимарат сатып алынған.
Сонымен қатар жалпы құны 158 миллион теңге болатын зергерлік бұйымдар, аяқ киім және сөмкелер тәркіленді. Жалпы құны 865 миллион теңге болатын қылмыстық жолмен алынған мүлікке тыйым салынды.
Г.Алашбаеваға қатысты үй қамау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.
Естеріңізге сала кетейік, Перизат Қайрат көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек беру үшін, сонымен қатар Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек беру үшін жиналған 1,7 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген болатын.
Еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайрат ұсталып, тергеу басталғанын хабарлаған болатынбыз. Ол екі ай қамауға алынды.
Перизат Қайрат құрған Biz birgemiz Qazaqstan 2030 қоры жабылды.
Сонымен қатар ол бұл іс бойынша Перизаттың анасы да күдікке іліккен болатын.