Басты бетЖаңалықтарЖүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру тәртібі өзгереді

Жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру тәртібі өзгереді

Қазақстанда жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру тәртібі қайта қаралады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев айтты.

Былтыр емтихан тапсыру кезегін электрон түрде брондау қызметі енгізілді. Емтихан сұрақтарымен алдын ала танысуға мүмкіндік берілді. Алдағы уақытта жаңа технологиялар енгізіліп, емтихан тапсыру тәртібі қайта қаралады.

Биыл жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру кезінде AR және Computer Vision технологияларын қолдану, Еуропа тәжірибесі бойынша емтихандарды қабылдау тәртібін қайта қарау жоспарланып отыр, — деді Арман Кенжеғалиев үкіметтің бүгінгі отырысында.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да