Басты бетЖаңалықтарТаиландта Қазақстан мен Ресей туристері мінген қайық жарылды

Таиландта Қазақстан мен Ресей туристері мінген қайық жарылды

Таиландтың оңтүстігінде Қазақстан мен Ресейдің туристері мінген қайық жарылды. Жергілікті жаңалықтар порталдарында осындай хабарлама таралды.

Төтенше жағдай Пхукет провинциясындағы Майтон аралына жақын теңізде болған. Қайықта 31 адамның болғаны айтылып жатыр.

Оқиға кезінде 30 турист суда болды, бір ресейлік турист бортта қалып, күйіп қалған. Зардап шеккен адам медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді, — деді полиция өкілі.

Қалған 30 турист зардап шеккен жоқ және қонақүйге оралды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да