Басты бетЖаңалықтарЕнді декретке "миллиондармен" шыға алмайды. Декрет төлемі қалай өзгерді?

Енді декретке «миллиондармен» шыға алмайды. Декрет төлемі қалай өзгерді?

2025 жылғы 28 наурызда Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі әйелдің аяғы ауыр болуына, босануына және баланы 1,5 жасына дейін күтіп-бағуына төлейтін ақы және тағы кейбір ережені өзгерткен еді. Мұның себебі – алаяқтық фактілерінің көбеюі. Өзгеріс 2025 жылғы 8 сәуірде күшіне енеді. Podeshevle.kz Telegram каналы өзгерістерді қарапайым тілмен түсіндіріп берді.

Бір айта кетерлігі, бұған дейін министр Светлана Жақыпова әділетсіз көп декрет төлемін алған әйелдердің үстінен 16 қылмыс ісі қозғалғанын айтқан еді. Бюджетке 158 миллион теңге шығын келген.

Заңға мынадай ірі екі өзгеріс енді:

  1. Бала күтіміне берілетін жәрдемақы (бұл — бір реттік көп төлем, халық «декретный» дейді). Бұрын әйел бірнеше жерде жұмыс істесе, оған қоса жеке кәсіпкер болса, ол жұмыс орнынан ең жоғары төлемді ала алатын. Ал енді ең жоғары төлем 2 249 100 теңге болып белгіленді. Демек, әйел қанша жерде істеп, қанша айлық алса да, бір рет алатын жәрдемақы осы сомадан аспайды.

Неліктен бұлай есептеліп отыр? Өйткені кірісті есептеген кезде енді 7 ең төменгі жалақыға дейінгі сома ғана ескеріледі. 2025 жылғы 7 ең төменгі жалақы 595 000 теңге болады. Әйелдің табысы жоғары болса да, бірнеше жерде істесе де ең көп табысы айына 595 мың теңге сияқты есептеледі.

2. Бала 1,5 жасқа толғанша оның күтіміне берілетін жәрдемақы (ай сайынғы төлем). Бұрын кейбір әйел аурухана қағазын алғаннан кейін де шегерім көрсете беретін. Соған сай төлем де өсетін. Енді бұл мүмкіндік алып тасталды.

Қорытынды:

  • Үкімет кейбір адамдар жүйені алдап, алуы керек төлменнен әлдеқайда көп алатынын түсінді. Енді олқылық болмайды.
  • Әйел бір жерде ғана істесе (жеке кәсіпкерлік немесе жұмыс), бұл өзгерістер оған айтарлықтай әсер етпейді. Өйткені негізгі төлемдер қысқарған жоқ. Бір жұмыс орнынан 7 ең төменгі жалақы деген шектеу бұрыннан бар. Енді тек бұл төлемді бірнеше жерден алу мүмкіндігі болмайды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да