Басты бетЖаңалықтарЖаңа буын кітапханалары: БҚО-ның 2 өңірінде комьюнити-орталықтар ашылды

Жаңа буын кітапханалары: БҚО-ның 2 өңірінде комьюнити-орталықтар ашылды

2025 жылғы 28 наурызда Батыс Қазақстан облысында өңірдің мәдени өмірі үшін маңызды оқиға орын алды – Казталов және Ақжайық аудандарында ауыл кітапханаларының базасында екі Jaña Klub комьюнити-орталығы ашылды.

Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Бұл – дәстүрлі кітапханаларды жаңғыртуға бағытталған маңызды бастаманың жалғасы. Енді ауыл тұрғындары тек кітап оқып қана қоймай, сонымен қатар білім беру және мәдени шараларға қатыса алады.

Ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, «Қазақстан халқына» қорының төрайымы Ләззат Чинкисбаева, «Қазақстан халқына» қорының орынбасары София Айсагалиева және ТАНА қорының негізін қалаушы Камила Лукпанова қатысты. Сонымен қатар жергілікті халық өкілдері мен балалар да қонақ болды.

Казталов және Ақжайық аудандарында заманауи кітапханалардың ашылуы – өңіріміздің мәдени және білім беру инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам. Енді тұрғындар үшін жай ғана кітапхана емес, білім, шығармашылық және қарым-қатынас орталығы пайда болды. Мұндай бастамалар жерлестеріміздің әлеуетін ашуға, кітап оқуға деген сүйіспеншілікті арттыруға және өзін-өзі дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашуға көмектеседі деп сенеміз, — деді Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов.

кітап, оқушы
Фото: БҚО әкімдігі

Жоба «Қазақстан халқына» қорының қайырымдылық бастамасы аясында, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.

Өңірде 2025 жылдың соңына дейін 9 мың шаршы метр кітапхана кеңістігін қайта жаңғырту, сонымен қатар 100-ден астам кітапханашыны арнайы қайта даярлықтан өткізу жоспарланып жатыр. Комьюнити-орталықтар 130 мыңнан астам адамды қамти отырып, тұрғындарға білім беру ресурстарына, шеберлік сабақтарына және мәдени іс-шараларға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Jaña Klub жобасы аясындағы 25 кітапхананың барлығы сәуір айының соңына дейін ашылады деп күтіліп жатыр. Бүгінгі таңда бағдарлама аясында 12 комьюнити-орталық жаңғыртылды.

Айта кетейік, сәуір айында Қазақстан алғаш рет Кітап күнін атап өтеді, бұл кітапханалардың елдің мәдени өміріндегі өсіп келе жатқан рөлін көрсетеді.

Комьюнити-орталықтар барлық жастағы тұрғындардың қажеттіктеріне бағытталған. Мұнда оқушылар, студенттер, жергілікті белсенділер, аға буын өкілдері және қоғам мүшелері уақыттарын тиімді өткізе алады.

Жаңартылған кеңістіктердің ерекшелігі – олардың мультифункционалдығы. Мысалы, 725 шаршы метрді алып жатқан Ақжайық ауданындағы комьюнити-орталық келушілерге бірегей тақырыптық аймақтарды ұсынады: дәстүрлі музыка әуесқойлары үшін «Домбыра» және «Ән-күй», қолөнермен айналысатындар үшін «Тігін», ал отбасылық демалыс үшін жайлы «Ана мен бала» аймағы. Сонымен бірге мұнда қауіпсіз интернет және заманауи web-55 жүйесі қарастырылған, бұл кітапхананы тек оқу орны ғана емес, білім алатын және шығармашылық кездесулер ұйымдастыратын ыңғайлы алаңға айналдырады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да