Әлемдегі ең ерекше тулар. ТОП-10

Мозамбик туы

Мозамбик туы

Мозамбик Республикасы — Оңтүстік-Шығыс Африкада орналасқан мемлекет. Астанасы – Мапуту қаласы.

Мозамбик елінің туы – әлемдегі бірден-бір қару бейнеленген рәміз. Онда Калашников автоматы бейнеленген. Тудағы кітап, кетпен және Калашников автоматының суреттері тұтаса келе білім, өндіріс және қорғаныс ұғымын білдіреді екен.

Мэн аралының туы

Мэн аралының туы

Әлемнің ең көне туларының бірі Мэн аралына тиесілі. Ол ресми түрде тек 1971 жылдың 27 тамызында қабылданды. Алайда соңғы өзгертулер XIII ғасырдың екінші жартысында енгізілген.

Жүгіріп келе жатқан бұл үш аяқ бір-бірімен біріктіріле отырып, жұлдыз тәрізді бейнені құрайды. Грек тілінен аударғанда бұл рәміз «үш аяқпен жүретін» дегенді білдіреді. Оның мәнін аралдықтардың «Қай жаққа лақтырсаң да, ол тік тұратын болады» деген ұлттық ұраны жақсы түсіндіреді. Олардың түсінігінше, дөңгелене жүгірген аяқтар дамуды, тұрақтылықты және қозғалысты білдіреді.

Швейцарияның туы

Швейцарияның туы

Бұл рәміз қызыл шаршы түрінде, ортасына ақ түстіайқыш төтесінен бейнеленген. Сонымен бірге айқыштың ұштары қызыл матаның жиектеріне дейін жетпейді. Ту ресми түрде ХІХ жүзжылдықта ұлттық рәміз ретінде бекітілген.

Швейцария туы Швиц кантонының елтаңбасынан шыққан. Ол 1291 жылы Швейцария конфедерациясын құрған осындай үш бірлестіктің бірі болды. Осындай бейнедегі ту алғаш 1339 жылы Лаупене маңындағы шайқас кезінде жарыққа шықты. Тек ол кезде айқыштар әлдеқайда жіңішкелеу, матаның жиектеріне дейін созылған болатын.

Непал туы

Непал туы

Непалдың туы — стандартқа сай емес рәміздердің бірі. Тудағы қызғылт-көк түс — елдің ұлттық түсі болып саналады, ал көк – бейбітшілікті білдіреді. Үстіңгі үшбұрышта ақ түсті ай орналастырылса, төменгісінде күн бейнеленген. Бұрындары бұл аспан шырақтары туда бет-бейнесімен бейнеленген болатын. Бұл жерде ай мен күннің бейнеленуі Непал мемлекеті де, ай мен күн тәрізді ұзақ өмір сүреді дегенді білдіреді.

Камбоджа туы

 

Камбоджа туы

Тудағы көк түс — монархиялық билікті, қызыл — халықты, ақ — будда мен брахманизм діндерін білдіреді. Ал Ангкор ғибадатханасының суреті ғаламды басқаратын Құдіретті күш пен патшалық билікті көрсетеді. Себебі, камбоджалықтардың дәстүрі бойынша, монарх адамдар мен Құдайдың арасын байланыстырушы болып есептеледі.

Норфлок туы

Норфлок туы

Өздігінен басқарылатын Норфолк аумағы Тынық мұхитта Австралиядан шығысқа қарай орналасқан. Бұл кішігірім мемлекеттің туы канаданың туына қатты ұқсайды. Бұл тудың жиектерінде де ашық түсті жиектеме, ал ортасында – ақ жолақ бар. Дәл сол жолақта елдің басты белгісі орналасқан. Канаданың туында үйеңкі жапырағы бейнеленсе, Норфолк туында бүтіндей ағашқа орын берілген. Мұнда, тек осы аралда өсетін жергілікті қарағай суреттелген. Тудың екі жағындағы жасыл түсті жолақтар жергілікті бай флораға арналған.

Сонымен бірге тудағы жарастық тапқан жасыл шөп аралдың тарихымен де үйлесімділік табады. Норфолкты 1774 жылы атақты капитан Джеймс Кук ашқан. Аралға ұзақ жылдар бойы Англия мен Австралиядан қылмыскерлер жер аударылды. Нәтижесінде бұл жер үлкен бір колоннияға айналып, ол тіптен 1854 жылға дейін өмір сүрді. Сол кездерде түрме жабылды да, Норфолкқа жақын жердегі аралдардан толықтай бейбіт тұрғындар әкелінді.

Парагвай туы

Парагвай туы

Парагвай туының екі бетінде екі түрлі бейне бар: байрақтың бір жақ бетінде елдің елтаңбасы болса, ал екінші жақ бетінде қазыналықтың таңбасы бейнеленген.

Дания туы

Данияның туы

Тудың дүниеге келуі XIII ғасырдан бастау алады. 1219 жылы 15 маусымда даниялықтар билік басындағы эпископтар мен патшаларға соғыс ашқаны үшін эстондықтармен Таллин бойында соғыс жүргізген. Қолын аспанға көтерген патшадан қызыл түсті матаға үлкен крест белгісі салынған жалау желбірегенде даттардың мұрындарына жеңістің иісі келген. Сол кезде жеңістің жаршысы болған ту – Даннеброг еді… Рухтанған даттар жауды тудан келген күшпен жеңген деседі. Бірақ бұл жөніндегі айғақтар тек ауызша ғана сақталған.

Өзбекстанның туы

Өзбекстанның туы

Өзбекстанның туындағы ақ түс – бейбітшілік, жасыл – табиғаттың жаңаруы, ал қызыл сызықтар — тірі ағза дегенді меңзейді.  Жарты ай  – Тәуелсіздіктің белгісі. Қалған 12 жұлдызша — шығыс күнтізбесіндегі 12 шоқжұлдыз бен Өзбекстанның 12 облысын бейнелейді екен.

Индонезия туы

Индонезия туы

Индонезия 1945  жылы тәуелсіздік алып, ақ-қызыл жолақты мемлекеттік туын жариялағанда дәл осындай туы бар Монако князьдігі бұған ресми қарсылығын білдірді. Алайда, Индонезияның мемлекеттік туы Монаконың туынан әлдеқайда көне екені дәлелденгеннен кейін князьдік ресми қарсылығының күшін жойды. Индонезияның туындағы ақ-қызыл жолақтар XІV ғасырдағы Маджапахит корольдігінен қалған. 1945 жылы 17 тамызда бекітілген.