Басты бетЖаңалықтарҚызылордада балық аулауға уақытша тыйым салынды

Қызылордада балық аулауға уақытша тыйым салынды

1 сәуірден бастап Қызылорда облысында «Уылдырық шашу» акциясы басталды. Арал-Сырдария бассейнінің су айдындарында балық аулауға уақытша тыйым салынды.

Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы бұл іс-шараны балықтардың уылдырық шашу және су биоресурстарын көбейту кезеңінің басталуына байланысты қолға алып отыр.

Оның ішінде «Шардара» су қоймасының су айлағында 1 сәуір-20 мамыр, Түркістан облысы шегіндегі су айдындарында және «Шардара» су қоймасынан Қызылорда облысының әкімшілік шекарасына дейiнгi Сырдария өзенiнде 15 сәуір-31 мамыр, сағадан Түркістан облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Сырдария өзенінде 1 сәуiр-30 мамыр аралығында балық аулауға болмайды. Ал Кiшi Арал теңiзiнiң су айлағында 1 мамырдан 10 маусымға, Қызылорда облысының шегіндегі су айдындарында 20 сәуірден 10 маусымға дейін жағдай бақылауымызда болады, — деді инспекция басшысының орынбасары Жанқожа Сапаров.

Акция аясында рейдтік іс-шаралар, су айдындарының мониторингі және табиғат қорғау заңнамасының сақталуын тексеру жоспарланған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да