Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк қызметін реттеу нормаларын қатаңдататын қаулы жобасын дайындады.
Жаңа норма бойынша, қашықтан қызмет көрсетуге қойылатын талаптар күшейеді. Карта иесіне берілгеннен кейін алғашқы үш айдың ішінде төлемдер қатаң бақыланады.
Мамандардың айтуынша, мұндай өзгерістер қаржы секторының қауіпсіздігін арттырып, кибер қылмыспен күресуге көмек болады.
Жаңа жоба қаржы нарығында құқыққа қарсы іс-қимылдарды және дропперлікті (есірткінің заңсыз айналымы, қаржы пирамидаларының, онлайн/интернет-казинолардың қызметін ұйымдастыру) барынша азайту үшін әзірленді.
Құжат жобасы биыл 14 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр.