Басты бетЖаңалықтарТеміртауда жасөспірімдер зейнеткерді сабап, видеоға түсірген

Теміртауда жасөспірімдер зейнеткерді сабап, видеоға түсірген

Қарағанды облысының Теміртау қаласында 67 жастағы зейнеткерге жасалған шабуыл дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, құқық қорғау органдары барлық кінәлі адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды да анықтап, ұстады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сонымен қатар жасөспірімдердің ата-аналары мен заңды өкілдері бала тәрбиесіне немқұрайлы қарағаны үшін жауапкершілікке тартылмақ. Ал жасөспірімдердің өздері профилактикалық есепке алынды.

Қазір қылмыстық істі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да