2025 жылдың үш айында әлеуметтік инспекторлар 156 тексеру жүргізді, оның 76-сы жоспардан тыс, 19-ы профилактикалық бақылау шеңберінде, 61-і прокуратураның талабы бойынша болды.
Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлап отыр.
Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 34 ұйғарым берілді, 14,5 миллион теңгеден астам сомаға 46 айыппұл салынды.
Мемлекеттік бақылаумен мына субъектілер қамтылды:
- әкімдіктер – алты;
- жергілікті атқарушы органдардың бөлімдері мен басқармалары – 21;
- мемлекеттік мекемелер – 22;
- балабақшалар – төрт;
- мектептер – 13;
- колледждер, лицейлер – бес;
- ауруханалар, емханалар – 10;
- арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы – бір;
- санаторийлер – үш;
- ДК – 10;
- кафе, мейрамханалар мен қонақ үйлер – 10;
- дүкендер – 12;
- сауда үйлері – бес;
- полиция пункті – бір;
- стоматология – үш;
- автобус парктері, авто/теміржол вокзалдары, әуежайлар – алты;
- кітапхана – бір;
- мәдениет үйлері – төрт;
- пошта қызметі бөлімшесі – бір;
- спорт мектептері – бір;
- нотариус – бір;
- өзге де 14 объекті.
Минисрлік хабарлауынша, әлеуметтік инспекторлардың айтуынша барлық өңірде мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылымды бейімдеудегі оң өзгерістер бар. Мұны ерекше қажеттіктері бар адамдар да растайды.