Басты бетЖаңалықтарАлаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Ресейде ұсталды

Алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Ресейде ұсталды

Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы Ресей Федерациясынан экстрадицияланды.

Бұл туралы бас прокуратура хабарлап отыр.

Ол 2017 жылы жалған фирма құрып, контрагентке битум жеткізу бойынша жалған коммерциялық ұсыныс жіберген.

Бизнес субъектісінен 50 миллион теңге алған ол қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланған. Өткен жылдың қазан айында күдікті Ресей Федерациясының Орлов облысында ұсталып, кейін Қазақстанның бас прокуратурасының сұранысы бойынша отанына экстрадицияланды. Тағылған айып бойынша оған мүлкін тәркілей отырып, бес жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да