Басты бетЖаңалықтарЕліміздің 10 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің 10 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады.

31 наурыз күні Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Көкшетауда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с болады.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз батысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Атырау облысының батысы, оңтүстігі және шығысында күндіз шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Атырау қаласында да күндіз шаңды дауыл болады, жел екпіні 15-18 м/с болады.

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында түнде және таңертең тұман болады.

Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Таулы аудандарда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Тараз қаласында 31 наурыз күні түнде және таңертең тұман болады.

Жетісу облысының шығысында күндіз шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде күндіз шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының шығысында күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының батысы, солтүстік-шығысы және орталығында күндіз шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с болады. Ақтау қаласында күндіз шаңды дауыл болады, жел екпіні 17-22 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында түнде, ал күндіз облыс аумағында жаңбыр жауады. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да